Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінде жазғы сауат ашу курсы жүргізілуде. Аталған курста 50 шақты шәкірт ілім алуда. Сонымен қатар, қасиетті Құранға түсіп 7-8 парадан жаттап жатқан болашақ қари шәкірттер де бар.
Ауылдық мешітте ілім алып жатқан талабаларға ауылдық кәсіпкерлер де базарлық әкеліп тұрады. Бұл жолы ауыл кәсіпкері балаларға балмұздақ таратып, ілім алушылардың көңілін аулады. Шәкірттер кәсіпкерге өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі