Аптаның ішінде мұсылманның мерекесі болып таылатын қасиетті күн бар, ол - жұма. Күндердің сұлтаны "Төле би" мешіті кезекті қайырымдылық науқанын ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды.
"Қайырымды жұма" деп аталатын іс-шара аясында 7 отбасыға демеушілер тарапынан азық-түлік таратылып, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларды қуантты. Іс-шараға 150 000 қаражат жұмсалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі