"Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен мешітте айлық уағыз дастарханы жайылды. Шараға мешіт жамағаты келіп қатысты.
Көпшілік мардымды да дәйекті уағыз тыңдап, өздерін мазалаған сауалдарын имамға қойды. Дін, қоғам, ақырет жайлы сұрақтарға имам дәлел келтіре отырып жауаптар берді. Ас басындағы еркін кездесу, жамағаттың ауызбіршілігін, татулығын арттырған-ды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі