Меркі ауданы, Екпінді ауылы «Рахымбай ата мешітінің имамы Токушбеков Серікханның ұйымдастыруымен мешітте тәлім-тәрбие алып жатқан шәкірттерге мерекелік дастархан жайылды.
Токушбеков Серікхан ағамыз шәкірттерді ақ дастархан басына шақырып, қыз шәкірттерге шариғат шәлісін, ұл балаларға тақия, киім-кешек сыйға тартты. Шәкірттер қуанып, ойын-сауық құрып, мерекелік көңіл күймен тарқасты.
Алла Тағала мешіт қызметкерлерінің атқарып жатқан амалдарын қабыл етіп, еселеп сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



15 Март 2026
26 Рамадан 1447

