Меркіліктер Ислам дініндегі басты мерекенің бірі - Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатыр. Оразадан соң 70 күннен кейін басталған бұл күнге асыға жеткен аудан тұрғындары, барынша дайындалған. Әдетте аудан тұрғындары сиыр, қой және ешкі малын құрбандыққа шалуға дағдыланған халық, бұл жолы түйе малын құрбандыққа шалды.
Меркі ауданы «Жақсымбет» мешітінің имамы Қасымалиев Қыдыралының ұйытқы болуымен ауданда алғаш рет түйе малы құрбандыққа шалынды.
Құрбандық рәсімі Құран аяттарын оқумен басталып, артынша шариғат талаптарына сай түйе малын бауыздады. Шалынған құрбандық еті ауданға қарасты мұқтаж отбасыларға таратылды.
Көмек алған отбасылар риза болып, мешіт қызметкерлері мен құрбандық шалған бауырларымызға алғыстарын білдірді.
Алла Тағала құрбандық шалып жатқан бауырларымыздың ниеттерін қабыл етіп, сол шалған құрбандықтарының орнын еселеп орнын толтырсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі