Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің алдында жамағат арасында Құрбан айт намазынан кейін ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Атап айтар болсақ, жарыс қол күрес, арқан тарту, гір көтеру және күш тартыс спорт түрлерінен өтті.
Қол күреске жамағат арасынан 10 шақты жігіт қатысып, Пернебек Әли жеңіс тұғырына көтерілді. Арқан тартуға 5 адамнан құралған 4 команда қатысып, 93 жылғы жігіттер 1 орынға иеленді. Гір көтеру спортынан Уәлихан гір тасын 65 мәрте көтеріп, ешкімге дес бермеді. Жеңімпаздарды ауданның бас имамы алғыс хатпен және медальдармен марапаттап, діни кітаптарды сыйға берді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі