#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ ТЕГІСТІК АУЫЛЫНДА АЙТ НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

#Байзақ: АУДАН НАИБ ИМАМЫ ТЕГІСТІК АУЫЛЫНДА АЙТ НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Тегістік ауылдық «Тегістік» мешітінде құрбан айт намазын өткізді.

Айт намазында Бақытбек Бауыржанұлы: «Шариғатымызда құрбандық деп –  арнайы шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздауды айтамыз. Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп. Алла Тағала қасиетті Құранның «Кәусар» сүресі, 2-аятында ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал», – деп, әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдірген.

Қасиеті Құрбан айтта Алла Тағаланың бұйрығын дұрыс орындап, құрбандығымыз қабыл болуы үшін құрбандыққа қатысты мына мәселелерді білуіміз қажет», - деп құрбан шалудың шарттарына жекелей тоқталып, жамағатпен бірге айт намазын оқып, елдің амандығы үшін дұға жасады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: