Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі –құрбан шалу. Пенденің шалған құрбандығы Қиямет күні оның пайдасына куәлік береді.
Жамбыл ауданына қарасты мешіттерде құрбан шалынуда. Ірі қара малдан бастап, ұсақ малдарға дейін шалынған құрбандық еттері тиісінше бөлініп, үлестірілуде. Құрбан шалу Алла Тағалаға жақын болу, күнәлардың кешірілуі, Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкір ету, бай мен кедейге кеңшілік жасау үшін міндеттелді. Өйткені осы күні барлық адам Алла Тағаланың қонағы болады, құрбан етінен жейді, оны тарту етеді, одан садақа береді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі