Жамбыл облысы: Құрбан айттың 1 күні 23 495 отбасыға ет үлестірілді

Жамбыл облысы: Құрбан айттың 1 күні 23 495 отбасыға ет үлестірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні исі мұсылман жамағат құрбан малдарын шалып, Тараз қаласы мешіттеріне қарасты 2 қасапхана және аудан қасапханалары тынбай жұмыс жүргізуде. 

Қасапханаларды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған имамдар бақылауда ұстап, құрбандыққа шалынған малдың етін көмек алуға тіркелген отбасыларға таратып беруде. 

Айта кетейік, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тіркеу qurban2023.kz сайты бойынша жүргізілген болатын. Нәтижесінде, бүгін Жамбыл облысы бойынша 23 495 отбасы еттей көмек алып үлгерді.

Ет ерікті жастардың көмегімен тиісті мекенжайларға жеткізіліп берілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: