ҚМДБ Қордай ауданы Әйел-қыздар секторының ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Дін мен дәстүр сабақтастығы" атты ашық сабақ жүргізілді.
Тақырыпты ашықтауға аудандық "Әжелер алқасының" мүшелері көмек берді. Балаларға дін мен дәстүрді бірге ұстану керектігі, жалпы діннің орны, дәстүрдің пайдасы зор екені түсіндірілді.
Дінімізге негізделген қазақ дәстүріндегі әдет-сұрып, салт-сананы жеткізіп, оның тәрбиелік маңызын тілге тиек етті.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі