Жамбыл облысы Қордай ауданы орталық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Бала психологиясы" атты ашық сабақ өтті.
Шараға қонақ ретінде Култаева Альбина Тураровна есімді бала психологы шақырылды. Жалпы қыз бала тәрбиесі төңірегінде болған бас қосуда қыздың көңілі, білімі, иман ахуалы, тәрбиесі талқыланды.
Жиналған апа-аналар сұрақтарын жаудырып, тиісті діни және психологиялық жағдайға сай жауаптар алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі