Жамбыл облысы, Талас ауданы, "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жұбатқанов Жалғас Дүйсенбайұлының мұрындық болуымен Шығыс Қазақстан, Абай облысында болып жатқан тілсіз жау, өрттің зиянына ұшыраған отандастардың жағдайына байланысты жамағатпен бірге Алла Тағаладан келген нәубетке дұға жасап, пана сұрады.
Қаза тапқан барша азаматтардың отбасы-жақындарына көңіл айта отырып, артында қалған мұсылман туған-туысқандарына сабыр, Алланың кеңшілігін тіледі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әмин!