Шу қаласы «Кәрібай молда» мешітінің ұйымдастыруымен үйі өртенген 6 отбасыға азық-түліктей жәрдем көрсетілді.
Қиын жағдайға тап болған жанұялардың шаңырағына аталған мешіттің имамы Аят Дыбысұлы арнайы зиярат етіп барып, көмекті табыстап, Алладан жеңілдік тіледі.
Айта кетейік, игілік үшін жұмсалған қаражат 100 000 теңгені құрады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі