Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде РАНТ мүшесі, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл және «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Жамбыл ауданы бойынша инспекторы Алмат Шадиев арнайы іс-сапармен келіп, жастармен кездескен болатын.
Келелі кездесуде «иман және исламның шарттары» тақырыбы көтеріліп, жастардың сұрақтарына мардымды жауап алынды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі