#Меркі ауданы: Науқастың көңлін сұрау – сүннет

#Меркі ауданы: Науқастың көңлін сұрау – сүннет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінің имамы Көктал Мадияр ауыл тұрғындарының арасында науқастанып жатқан бауырларымызды зиярат етіп, көңілдерін сұрап қайтты.

Асыл дінімізде науқастанып қалған бауырымыздың көңілін сұрау – сауапты іс. Бұл жайында Ардақты Пайғамбарымыз с.а.с:

«Кімде-кім бір науқастың көңілін сұрап барса, қайтқанға дейін жәннат бақшасының арасында болады», және бір хадисте:

«Науқастанған мұсылманның көңілін таңертен сұрап барған адамға кешке дейін, ал кешке көңілін сұрап барған адамға таңға дейін жетпіс мың періште дұға етеді және истиғфар айтады (кешірілуін сұрайды). Жәннатта да оған бір бақша беріледі», - деген.

Осы игі амалды орындап, сауабын тек Алла Тағаладан үміт етіп, жағдай сұрап барған имам, ем-домына деп азын аулақ қаржылай қолдауын көрсетіп, тез жазылып, ауруынан айығып кетуіне тілектес екенін білдірді.

Алла Тағала барша науқастанып жатқан бауырларымызға шипа берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: