Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкөзек ауылы «Жантай ата» мешітінің имамы Джумагулов Бекжанның ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында 4 отбасыға бір қойдың еті үлестіріліп берілді.
Халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 272-аятында: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» – дейді.