Жамбыл ауданы Шайқорық ауылы «Айдарбек ата» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазын өткізіп, ауылдық мешітке жаңадан имамдық қызметке тағайындалған Жанқараев Ерлан Бақытжанұлын жамағатпен таныстырды.
Жұма уағызын жүргізген ауданның бас имамы жамағатқа зинақорлық – пендені иманынан айыратын, адамның адамгершілігіне сызат түсіріп, қоғамды іштей бұзып, арсыздықтың жайылуына себепкер болатын үлкен күнә екенін еске салды.
Сондықтан да адамзат тарихындағы кез келген қоғамда, барлық заманда зинақорлық арсыздық деп танылып, оны жасаушыларға ауыр жазалар белгіленген. «Мал сақтама, ар сақта», «Малым – жаным садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қазақ халқы да зинақорлыққа, арсыздыққа баруды ауыр қылмыс деп білген.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі