Жамбыл мешіттерінде жазғы діни сауат ашу курсы басталды

Жамбыл мешіттерінде жазғы діни сауат ашу курсы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешіт-медресесінде 2023 жазғы діни сауат ашу курсы басталды. Аталған курсқа 9-14 жас аралығындағы оқушылар қабылданды. 

Ашылу салтанатына жиналған ұстаздар мен оқушылардың ата-аналарына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "Діни білім алудың маңызы" тақырыбында насихат айтты. Сонымен қатар балалар жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, ұстаздарына табысталды.

Айта кетейік, ұлдар бөліміне 140 шәкірт, ал қыздар бөліміне 100-ге жуық оқушы ата-анасының өтініші бойынша жазылды. Ұлдарға "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстаздары мен студенттері, ал қыздарға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұстаздары мен іс-тәжірибеден өтуші Отандық медреселердің студенттері білім береді. Ұстаздар Құран, ғибадат, ахлақ, иман, пайғамдар тарихы сынды пәндер бойынша дәріс жүргізеді. Бүгін алғашқы сабақ басталып, әр топқа Облыс бас имамы жеке кіріп, шәкірттердің ықыласын арттыратын жалынды сөздерімен сәттілік тіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

 "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: