Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде арнайы әйел-қыздарға арналған Құран курсының дәрістері басталды. Дәрісті Сарыағаш медресе колледжінің 2 курс студенті арнайы өндірістік практикаға келіп Орман Марьям Досалиқызы жүргізуде. Құран дәрістері орталық мешітте аптасына 5 күн өтілетін болады.
Алғашқы дәріске 30-ға жуық әйел-қыздар жамағаты келіп қатысып, білім нәрімен сусындады. Марьям Досалиқызы тек қана Құран оқуды үйретумен ғана шектелмей, әдеп және фиқһ сабақтарын да жүргізуді жоспарлап отыр. Алдағы 3 ай демалысты ұтымды пайдаланып, мектеп оқушылары да дәрістерге қатысып, діни білімдерін шыңдауда.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі