#Рысқұлов: Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтілді

#Рысқұлов: Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы  Сұлтаншәріп қажы Джадраев Халықаралық балаларды қорғау күнінде мүмкіндігі шектеулі балаларға барып, мерекелерімен құттықтап қайтты.

Бұл мекеме Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылында орналасқан. Ауданның бас имамымен қоса, аудан әкімінің орынбасары, аудан ақсақалдар алқасының мүшелері де барып, балаларды қуантты. Мекеме басшылығы келген қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, мерекелік кеш ұйымдастыруымен қатар, арнайы дастархан жайып, мерекені ерекше атап өтті.

Іс-шара басында ауданның бас имамына сөз берді. Сұлтаншәріп қажы бір сөзінде жас ұрпақ біздің болашағымыз екенін, оларды көркем тәрбиемен тәрбиелеп, рухы өр, намысы биік, ізгі қасиеттерге ие, иманды, еңбекқор боп өсулеріне еңбек ету керектігін жеткізді.

Айгерім Шынали

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: