Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты ауыл имамдары қуғын-сүргін құрбандарына дұға жасады.
Атап айтар болсақ, Байзақ ауылдық мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлы С.Абланов орта мектебінің алдында, Мәдімар ауылдық мешітінің имамы Рахметов Жақсылық және Жетібай ауылдық мешітінің имамы Қадірбек Әбенұлы құрбандарды еске алуға арналған ауылдық жиынға қатысып, халық алдында Құран оқып дұға жасады.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 154 аятында: «Алла жолында өлтірілгендерді өлі демендер. Керісінше олар тірі. Бірақ сендер оны сезбейсіндер», - деп баяндаған. Сондықтан да, «Ер есімі – ел есінде», - демекші, саяси қуғын-сүргін құрбандары болып табылатын ата-баба әруағы ұрпақ жадында мәңгілік сақталады.