Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі, Кушербаева Жанат ұстаздың Құранға түскен шәкірттері Рамазан бойы түсірген Құран хатымдарының дұғасын ата-баба рухына бағыштады.
Аталмыш шарада Кушербаева Жанат: «Құран біздің ақыреттегі шапағатшымыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауатымен сәлемі болсын) хадисінде: «Құран оқындар. Себебі, Құран өзін оқушыларға қиямет күні шапағатшы болады», - деді. Құранды дұрыс оқудың өзі сауапты іс», - деді.
Алла оқылған Құранды қабыл етсін!