Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұстазы Кушербаева Жанаттың ұйымдастыруымен «Әйел бақыты» атты семинар өтті. Семинарға психолог Назерке Жалғасбайқызы қатысып түрлі ойындар ойнатты.
Ұстаз Жанат Кушербаева: «Абдулла ибн Амр (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте жақсы әйелдің мәртебесі жөнінде Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Бұл дүние өткінші бір ләззәт қана. Ал дүниедегі өткінші ләззаттың ең қайырлысы – салиқалы, жақсы әйел». Басқа бір хадисте: Абу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят етуі бойынша Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер әйел кісі бес уақыт намазын оқыса, Рамазан айында ораза тұтса және ар-намысын қорғап, күйеуіне бойұсынатын болса, онда оған: «Жұмаққа қалаған қақпасынан кір», деп айтылады», - деп сөзін түйіндеді.
Шара соңында семинарға қатысушылар сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.