Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінде «берекелді жұма» науқаны өтті.
Мешіттің найб имамы Болат Әбдіқұлұлының бастамасымен іске асырылып отырған игі іс-шараға мешіт жамағаты да өз үлестерін қосты. Аталмыш шарада 4 отбасына қайырымдылық пакеттері үлестіріліп, барлығы 160 мың теңге қаражатты құраған.
Азық-түлік ретінде таратылған көмекті алған отбасылар ауылдық мешіт ұжымы мен жамағатқа өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі