ЕР АДАМНЫҢ СӘНДЕНУІ

ЕР АДАМНЫҢ СӘНДЕНУІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әдемі дүниені пайдалану әйел кісімен қатар ер адамға да лайықты. Алла Тағала Құранда: «Ей Адам балалары, әр мешітке барғандарыңда сәнді бұйымдарыңды (киім, әшекей) алыңдар», - деген (Ағраф сүресі, 31-аят).

Құран Кәрімде Алла Тағала «Әйелдердің мойнында еркектердің ақылары болғаны секілді еркектердің де мойнында әйелдердің белгілі ақылары бар», -  екендігін білдірген (Бақара сүресі, 228-аят).

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көкесінің ұлы Абдулла ибн Аббас осы аятты тәпсірлегенде: «Әйелімнің мен үшін сәнденгенін қалайша жақсы көретін болсам, өзім де ол үшін сәнденгенді жақсы көремін. Өйткені оның да менде ақысы бар». (Қуртуби тәпсірі, 111 /123) деген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Киімдеріңді таза ұстаңдар, шаштарыңды алыңдар, шаштарыңа жаксы қараңдар, мисуак қолданыңдар, ауыздарыңды тазалаңдар, сәнденіңдер әрі таза болыңдар», десе, баска бір риуаятта «Мұрттарыңды қысқартыңдар. Өйткені Исрайл ұлдарының еркектері осыларды істемегендіктен олардың әйелдері зина істеді», - деді. (Әл-Һинди, «Кәнзул-уммал», 640) деп бұйырады. Бұл хадис шәрифтің қоғамдық әрі отбасылық мәселелерге шешім табуда бізге жол көрсетері сөзсіз.

Бір сахаба Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйіне кіргенде бірінші неден бастайды деп сұрағанда ол Мисуак қолданудан деп жауап берген. Тек әйелдің өзге ер адамдар үшін сәнденіп иіс себуі харам болғаны секілді ер адамның да осыларды сол мақсатпен істеуі харам. Осының барлығы ер адамның да әйелдің де өте адал болуы керектігін түсіндіреді.

 

Туганасов Бауыржан,

Байзақ ауданы, Ақжар ауылдық

«Әбдікерімұлы Айдар» мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: