ОТАНДЫ СҮЮ–ИМАННАН

ОТАНДЫ СҮЮ–ИМАННАН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам дүниеге келіп, топырағына аунап-қунап өскен жерін "Отан" деп атайды. Елінің нағыз патриот азаматы өз халқымен бірге тұрмыс кешкен туған жері үшін жан беруге дайын тұрады. Өз алдына шекарасы, ел басқарар патшасы, құқықтық зандары, тілі, діні, салт-дәстүрі бар тәуелсіз мемлекетті Отан десек, онда татулықта тірішілік кешіп жатқан халық бір-бірін отандас деп құрмет көрсетуі қандай тамаша.

Алла Тағала Құранда: "Әй адам баласы! Шүбәсіз,сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа анадан)жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін, сендерді ұлттарға және руларға жіктеп қойдық. Шынында, Алланың құзырында құрметтілерің – тақуалы болғандары. Алла шексіз білгір, бәрінен хабардар" (Хұжурат сүресі, 13-аят).

Бұл аятта Алла Тағала адамзатты бір-біріне танытып, өзара қоғам, отан құрумен ауызбіршілікте тіршілік ететінін меңзегендей. Қазағым сонша жерге еге болу, бабаларымыздың тебінгілерінен тер тамшылап жүріп, жауымыз жырақ болса деп, жеріміз жұмсақ болса деп, ұлымыз айбарлы, қызымыз жайдарлы болса деп, елдің шетінде, желдің өтінде белі буулы, жеңі сұғулы, аяғы үзеңгіде, көздері көкжиекте күн кешті. Бабаларымыз аңсаған арманына жанын құрбан еткен тәуелсіздікке міне 30 жылдан аса уақыт болды. Енді осы тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, ғұмыры ұзақ болуы  үшін, әрбір қазақтың кеудесінде отаншыл жүрек дүрсілдеп, тамырында еліне деген ыстық махаббаттың қаны тулап ағып жатуы керек.

Рухы асқақ, арманы биік жастарды тәрбиелеуге зергерлік жұмыстай зер салып, ынта-шынтамызбен ел ақсақалдары және билер кеңесі орталығы болып кірісуіміз керек. Қазағыма сырттан келіп жатқан діни ағым, секта және де тамырымызға балта шабатын ЛГБТ азғындарынан жастарымызды сақтау міндетіміз. "Отан отбасынан басталады", демекші Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім ең алдымен әрбір азаматтың өзі туып-өскен отбасында, үй-ішінде, ата-анасының құзырында қалыптасады. Бабаларымыздан қалған аманат – дінімізге, салт-дәстүрімізге, тілімізге, жерімізге қиянат жасатпау біздің міндетіміз. Алла Тағала еліміз өркендеп өсіп, әлемнің алдынғы қатарында болуға нәсіп етсін!

Қадырбек Абенұлы,

Жамбыл облысы Байзақ ауданы 

Жетібай ауылы «Ақыл-ата» мешітінің молдасы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: