#Байзақ: МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

#Байзақ: МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде  әйел-қыздар секторының ұстазы Жанат Кушербаеваның ұйымдастыруымен әйел адамды жуындырып кебіндеу дәрісі өткізілді.

Дәріс барысында Жанат ұстаз: «Кебін – қайтыс болған адамға кигізілетін шын киімі. Кебін үш бөліктен тұрады: 1) Лифафа – сыртқы кебін. Лифафаның көлемі мәйітті қаусыра орауға, басы мен аяқ жағынан бууға жетерліктей көлемде болады; 2) Изар – бас және аяқпен бірдей енді мата; 3) Қамис – көйлек. Мата екі қабатталып, ортадағы тұйық жерден бас сиярлықтай жыртылады. Басқа кигізгенде, көйлектің ұзындығы мойынның түбінен аяққа дейін жететін болуы тиіс. Бұл – ерлер мен әйелдерге ортақ кебін. Мұнан бөлек әйелдерге кигізілетін кебінның қосымша бөліктері мен шаһидты жерлеу жайы бар" - деп түсіндірді.

Шара соныңда дәріске қатысушы шәкірттер ұстазға сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: