Жамбыл ауданы Жасөркен ауылы «Тұрыс» мешітінің имамы Досмұханбетов Бауыржанның ұйымдастыруымен іл-ауқаты төмен ауыл тұрғындарына арнап қайырымдылық жасалды. Оның ішінде екі отбасына азық-түлік таратылды.
Сонымен бірге, 4 отбасына 15 мың теңге қаржылай көмек көрсетілсе, мешіт пен дәретханасын тазалап жүрген ауыл тұрғынына 30 мың теңге қаражаттан үлестірілді. Қайырымдылық көмекті алған отбасылар мен ауыл тұрғындары ауыл имамы мен мешіт жамағатына өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі