#Шу: "Төле би" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

#Шу: "Төле би" мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қандай заман болмасын маңайына шуақ сыйлайтын жандардың қатары сиремеген.  Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен.

Қанға сіңген игі қасиетпен Шу ауданы "Төле би" мешітінде кезекті қайырымдылық ұйымдастырылды. Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен, кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен 7 отбасыға көмек көрсетілді. 

Ең қажетті азық-түліктер алынып, мұқтаж, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға табысталды. Көпшілік алғыс айтып, имам батасын берді.

 Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: