Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет.
Осындай игі іс мешіттерде жиі ұйымдастырылады. Кезекті қайырымдылық "Тоғай" мешітінің имамы Жанат Бақытовтың ұйымдастыруымен жасалып, 8 адамға азық-түлік таратылды.
Көмекке берілетін азық-түлік үшін 130 000 теңге қаражат жұмсалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі