Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық «Отарымбет» мешітінің имамы Байғожаев Қалтайдың бастамасымен мешіт жамағатына муфтияттың рамазан айына байланысты тапсырмасына сәйкес «Ораза айт қоржыны» таратылды. Бұл қайырымдылық акциясында ораза айт қоржындары мешіт жамағатынан 30 адамға үлестірілді.
Әрбір иманды жанның осы аяттан алатын ғибратты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген. Бұл жайында қазақ халқының салт-дәстүрінің сонау белестерінде де көптеп айтылған.
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, - демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп, ата-бабамыз да айтып кеткен.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі