#Рысқұлов: Балаларға айттық тәтті тарту етілді

#Рысқұлов: Балаларға айттық тәтті тарту етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Сабырханов Үмбеттің бастамасымен Ораза айт мейрамының қарсаңында «Алтын сақа» балабақша бүлдіршіндеріне айттық тәттілер таратылды. Тәттілерді мешіттің азаншысы Серікбаев Ерман арнайы барып 50 балаға сыйлап қайтты. Имамдардың бұл істеріндегі мақсаты – мұсылмандардың ұлық мерекесін ұлықтап, насихаттау еді.  

Əр ісі даналыққа толы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сыйлыққа үлкен мəн берген. Көптеген хадистерінде сыйлық тарту ету адамдардың бір-біріне деген сыйластығын, татулығын, өзара сүйіспеншілігін арттыратындығы баяндалады:

«Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады».

«Сыйлық алмасыңдар, бір-бірлеріңе деген махаббаттарың артады». «Жейтін нəрсе сыйлаңыздар. Бұл несібелеріңізді молайтады».

«Бір-бірлеріңізге барып қал-жағдай сұрасып тұрыңыздар. Сыйлық берісіңіздер. Өйткені зиярат – сүйіспеншілікті нығайтады, ал сыйлық – жүректі жамандықтардан (өшпенділік, қатігездік, дұшпандықтан) тазартады».     

  Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: