Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкбастау ауылдық «Қалмұрат баба» мешітінде аудан бас имамы Қанат Әділханұлы мешіт жамағатымен кездесіп, жұма намазын өткізді.
Қанат Әділханұлы: «Мұсылман адамның бойынан табылуы тиіс ізгі сипаттардың бірі – кешірімділік. Қасиетті Құран Кәрімнің «Шура» сүресі, 43-аятында Алла Тағала: «Кім сабыр етіп, кешірімді болса, сөз жоқ, істердің ең маңыздысы (сауабы) осы», – деп айтқан.
Дін мен дәстүрін қатар алып жүрген ата-бабаларымыз жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайтындығын ескеріп, «Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік» немесе «Жақсы адамның ашуы – шәй орамал кепкенше» – деу арқылы, ренжуді ұзаққа созбай, тезірек кешірудің адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі екендігін айтқан», - деді.
Намаз соныңда аудан бас имамы жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі