Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Талас ауылдық «Ан-Нағим» мешітінің жамағатына уағыз айтып, жұма намазын өткізді.
Қанат Әділханұлы: «Алла Тағала Бақара сүресінің 25-аятында:«Иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуант! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннаттар бар», – деген.Аятқа назар салсақ, жақсылық жасаған адамды қуантып, оған қандай сыйлықтар әзірленгенін сүйіншілеп тұрғанын көреміз. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кім Исламда қандай да бір жақсы жол (әдет) бастаса, өзінің сауабына және одан кейін осыны істейтіндердің сауабына ие болады және бұл олардың сауабын еш кемітпейді», – деген(имам Мүслим). Демек өзге адамды қуанту, сауапты іс екенін ұмытпауымыз керек», - деді.
«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі