ОРАЗА АЙТ ҰЛЫ МЕЙРАМ

ОРАЗА АЙТ ҰЛЫ МЕЙРАМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барша мұсылман асыға күтетін ораза айт мейрамыда келіп жетті. Бұл мерекенің тарихы мен маңызын кенінен айтып өтсек.

Ораза айт Рамазан айы аяқталғаннан кейін басталатын берекелі мейрам және бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті күн. Рамазан айы — ислам күнтізбесінің тоғызыншы айы және бұл күні әр мұсылманның ораза ұстауы талап етіледі. Отыз күн ораза ұстаған адам жаман әдеттерден тиылып, нәпсісіне шектеу қояды. Яғни, күнделікті ішіп-жеу, бос сөз сөйлемеу сияқты жағымсыз әдеттерден арылады.

Ораза айт — кешірім мен мейірімділік мерекесі. Бұл күн бейбітшілік пен келісімнің жаңа айы. Мейрам басталар уақытта адамдар жаман ойларды санасынан өшіріп, жан дүниесін рухани тазртуы қажет. Мұсылман қауымы оразадан кейін Алла Тағаладан күнәларының кешіруін сұрап үміт етеді.

Аталмыш мереке, 624 жылы Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  шешімімен белгіленді.

Айт күндері жақындарға, балаларға сыйлық беру – айт күнінің берекесін одан әрі арттырып, адамдардың арасын жақындататын істердің бірі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сыйлық беріңдер, араларыңда сүйіспеншіліктерің артады», – деген.

Әсіресе, балаларымызға бұл ұлық күні сыйлық берудің мән-мағынасы өте үлкен. Ата-бабаларымыз айт күндері балаларға арнайы айттық сыйлық үлестіретін болған. Бұл оларға айт мерекесін мереке ретінде сезінулеріне, өмір бақи естерінде қалуларына өзіндік үлкен әсерін беріп ерекше қуанышқа бөлейді

Сағымбаев Бақытбек Бауыржанұлы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы

«Байзақ баба» мешітінің азаншысы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: