#Қордай: Қадір түні хатым дұғасы жасалды

#Қордай: Қадір түні хатым дұғасы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айының құрметіне оқылатын тарауық намазында ай бойы Құран хатымы оқылған болатын. Аудандық "Қордай" мешітінде Қадір түні соңғы парасы оқылып, дұғасы жасалды. 

Хатым дұғасын тахәжуд намазы уақытында Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жасап, елдің амандығы, келесі жылғы рамазанға аман-есен жетуі, иманның толуын сұрап, дұға етті.

Хатым түсірген қариларға құрмет көрсетіліп, еңбектері үшін жамағат алғыс айтты. Бас имам қариларға қаржылай сыйлық табыстап, қариялар басын берді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: