Шу аудандық "Жәми" мешітінде Қадір түні күні тарауық намазында оқылған Құран хатымы аяқталып, хатым дұғасын Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев жасады.
Рамазан бойы хатым оқыған қари Бауыржан Нарматовке құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылып, сый-сыяпат жасалды. Сонымен қатар мешіттің жанашыр қарияларына шапан жабылып, имамдар ақсақалдардың батасын алды.
Қадір кешін мешітте өткізуге келген жамағаттың қарасы қалың болды. Тарауық намазынан соң рухани уағыздар айтылып, нәпіл намаздары оқылды. Жамағат сәресінде ауыз бекітіп, таң намазын оқып тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі