«Жемесең де май жақсы, бермесе де бай жақсы» деген қазақ бір ауыз сөзбен-ақ ауқатты адамның қоғамдағы рөлін анықтаған. Себебі халқымыз ырыс-несібені Алла Тағаланікі деп білген. Сондықтан байлар да Құдайдың сүйікті құлы атану үшін туған-туыс, малшы-жалшысына қол ұшын созып, барынша көмектесуге тырысқан.
Мұндай діннен дәстүрге сінген жолмен Алға ауылы "Берекелі жұма" науқанын ұйымдастырды. Шара аясында 20 отбасыға азық-түлік табыстады.
Игілікке жалпы 250 000 теңге қаражат жұмсалды. Көмек алған жанұялар мешітке алғысын айтып тарқасты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі