#Шу: Мешіт шәкірттері мешіт ауласын гүлдендірді

#Шу: Мешіт шәкірттері мешіт ауласын гүлдендірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама.

Осындай іс-шара Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Лаззат Махамбетованың ұйытқы болуымен жасалып, мешіт шәкірттері баққа ағаш отырғызды. 

Балаға берілген мұндай тәрбие, әрі сауап, әрі өмірлік тәжірибе. Шәкірттер бірлесе 30 түп жеміс ағашын, 50 түп раушан гүлін және 200-ден астам түрлі гүлдерді екті. Әрбір дарақты еккенде ұстаз шәкірттерімен дұға жасады.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: