Талас ауданы, Ақкөл ауылы "Ақкөл" мешітінің имамы Хусейн Амировтің ұйымдастыруымен Темірлан Сұлтанбекұлы балаларымен бірге 50 отбасыға көмек көрсетті.
Қайырымдылық үшін жинақталған әр себетте 1 қап ұн, 1 қап құмшекер, 5 литр май, 5 кг макарон бар. Игі іске жалпы 1 000 000 млн теңге жұмсалды. Қайырымды жандар іс-шарадан соң, 75 адамға ауызашар беріп, 200 000 теңге жұмылдырды.
Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі