Өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуіміз қажет.
Алла Тағала қасиетті Құранның "Сәбә" сүресінде: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» - деп келтіреді. Тараз қаласының мешіттерінде қайырымдылық жасалып, «Әл Фирдаус» мешіті 20 отбасыға азық-түлікпен көмек берді.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін ұмытпайық. Бес күндік пәни дүниеде қайырлы іс жасап, көп балалы отбасына, балалар үйіне, қарттар үйіне аса көңіл бөлейік.
«Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі