#Тараз: 30 шақты адамға мейрамханада ауызашар берілді

#Тараз: 30 шақты адамға мейрамханада ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айында ауызашар беру өте үлкен сауап. Жолда кетіп бара жатып, кез келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына қауышылады.

Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», деген.

Осы орайда «Бірлігі жарасқан жамағат» бастамасымен Тараз қаласының «Құлбай баба» мешітінің жамағаты 30 шақты адамға мейрамханада ауызашар берді. Пайғамбарымыздың хадисинді келгендей қара сумен болсада ауыз аштыруға ат салысып жүген бауырларымыздың амалдары қабыл болсын.

 «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: