«Кеңесхан қажы» мешіті ауласына тал отырғызу жұмыстарын жүргізді. Жамағаттың және жанашыр бауырлардың атсалысуымен 15 түп тал отырғызылды.
«Істің басы – ниет». Ниет болса, тақыр жерді де гүлдендіруге болады. Қыстан қалған жердің тоңы жібіп, тіршілік атаулыға жан бітіп, күн жылынып, көктем келген шақта айналаның барлығында тазалық жұмыстарының басталатыны белгілі.
Санитарлық тазарту, абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу аудан экологиясының жақсаруына оң әсер ететіні анық. Осы мақсатта мешітте ашық сенбіліктер ұйымдастырылып, көшет отырғызу науқандары басталып кетті.
«Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі