#Жамбыл: Таң намазынан кейін хатым түсірілуде

#Жамбыл: Таң намазынан кейін хатым түсірілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде мешіт жамағаттары қасиетті Рамазан айында таң намазынан кейін күн шыққан уақытқа дейін қасиетті Құран хатым түсірілуде. Аталған уағытты отыз күн оразада күнделікті бір – екі пара Құран оқылуда. 

Алла Тағаланың кәләмі көркем тілімен, бай өрнегімен, толық мағыналығымен арабтардың өлең-жыр, поэзиясына ұқсамайтын ғажайып құрылымымен ерекшеленетін мұғжиза. Егерде қасиетті кітаптың мазмұнынан бұл ерекшеліктердің біреуі ғана табылса, ол мұғжиза болмас еді. Себебі, арабтардың кей сөздері көркемдікпен, шешендікпен айтылғанымен, онда кемел мағына болмайтын. Немесе, ол өлеңдер көркем сөздермен мағына берсе, ғажайып құрылымы болмайды. Кей жағдайларда, ғажайып құрылымды болып, бірақ көркем сөз бен кемел мағына бере алмайтын. Құран осы ерекшеліктердің барлығын қамтитын – мұғжиза кітап.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: