ДОС – АЖАРЫҢ, ЖОЛДАС – БАЗАРЫҢ!

ДОС – АЖАРЫҢ, ЖОЛДАС – БАЗАРЫҢ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде көптеген тақырыптар қамтылады. Сол тақырыптардың ішінде достыққа қатысты тақырып баршылық.

Алла Тағала адам баласын бір-біріне мұқтаж етіп жаратқан. Әрбір адамға қуанышы мен қайғысын бөлісетін, шерін тарқататын, мұңын шағатын, керегінде ойнап-күлетін, іс түскенде ақылдасатын дос керек. Сол үшін  халқымыз «Адамның күні адаммен» деген.

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Алла Тағала Құран-Кәрімде былай дейді: «Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр!» («Хужурат сүресі», 10-аят)

Мұсылмандар қашан да бір-біріне бауыр. Мұсылмандар өз-ара дұшпан емес. Мұсылмандар арасында ешқашан дұшпандық, талас-тартыс, жек көрушілік, төбелес сынды оғаш әрекеттерге орын жоқ екендігіне осы аятта ишара бар.

Сонымен қатар, Құран Кәрімде Алла Тағала: «Достардың тақуаларынан басқалары сол күні (Қиямет күні) бір-біріне дұшпан болады» («Зухруф» сүресі, 67-аят)

Бұл жерде айтылып жатқан мәселе: Бұл дүниеде азғындықта, күнә істерде ортақ болған достар ақыретте бір-біріне дұшпан болса, ал имандылықта, тақуалықта, діндарлықта дос болған жандар олардың қатарында болмайды.

Кейбір деректерде хазіреті Әли (оған Алла разы болсын) екі мұсылман дос жайлы және екі кәпір дос жайлы былай деген:

«Ол күні достардың тақуаларынан басқалары, бір-біріне дұшпан болады» дейді Алла Тағала Құранда. Мүмін екі дос пен кәпір екі дос жайлы ойланыңыз; Екі достың бірі қайтыс болып, жәннатпен сүйіншіленеді. Қуанғаннан досын есіне түсіреді: Уа Алла Тағалам! Күмәнсіз пәленше деген менің досым. Маған ол: Саған (яғни Алла Тағалаға) және Сенің Елшіңе (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай) мұйынсұнуды үйретті. Жамандықтан тыйды. Маған ол мідетті түрде Саған қауышатынымды айтты. Уа Жаратқан, менен кейін оны адастырмай, тура жолыңа сал! Уа Алла Тағала, маған берген сыйыңнан, жәннәтыңнан оған да бер! Маған разы болғаның сияқты оған да Уа Алла Тағала, разы бол!

Одан кейін бір күні бұл өзі қайтыс болып, рухтары бір жерде жолығады. Ол екеуіне бір-бірің жайлы мақтайтын қандай тұстарың бар, мақтаңдар, дегенде ол екі достың бірі екінші досы жайлы: Сен қандай керемет бауырымсың, қандай керемет досымсың, деп мақтай жөнеледі.

Енді екі кәпір достардың бірі қайтыс болады да тозақпен «сүйіншіленеді». Сол кезде ол екінші досын есіне түсіріп: Уа Аллахым, менің досым болған пәленше деген. Маған ол: Аллаһым, саған және сенің Елшіңе иман келтірмеуге, жамандыққа әмір етті! Жақсылық жасаудан тыйды. Саған қауышпайтынымды айтты. Ей Аллахым,  менен кейін оны тура жолға салма! Маған берген жазаны оған да бер! Маған ашуланғаның сияқты оғанда ашулан! – дейді. Одан кейін әлгі кәпірдің досы қайтыс болады.  Екеуі о дүниде жолығады да, екеуіне енді бір-бірлерің жайлы мақтайтын қандай тұстарың бар? Соны айтып мақтай берсеңдер болады, дейді. Олардың екеуінің бір-бірі жайлы: Неткен жаман дос едің! Неткен жаман бауыр едің! Не деген жаман доссың, деп жауап берген екен.

Сол сияқты Құран Кәрімде де кейбір адамдардың өкінетіні жайлы айтылады. «Қап әттеген-ай! Пәленшемен дос болмағанымда, деп өкініш білдіретінін айтады. Ол маған жеткен зікірден (Құраннан) мені алыстатты. Ал Шайтан сөз жоқ адам баласын азғырушы» «Фурқан» сүресі, 28-29 аяттар)

Қияметте кейбір кісілер «пәленшені өмірлік дос етпегінімде, осындай ұлы қасіретке, бұндай адасуға ұшырамас едім» деп өкінетінін білдіреді.

Өйткені ол адамдар бұл дүниеде жақсылық жасамағаны, Аллаға қауышпаймыз деп ойлағандары себепті сондай адасуда жүргендігін білдіреді.

Сонымен қатар, бұл жерде «шайтан» деп адам «шайтанды» айтады. Қиямет күні болғанда адастырып жүрген «шайтан» досы одан достықтан бас тартып жәрдем бере алмайтындығын айтады.

Сондықтан жақсылыққа шақырмайтын, жаманшылықтан тыймайтын достардан аулақ жүрген дұрыс.

Акбар Оразбаев 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы

Қызыл жұлдыз ауылыдық

«Бейшен» мешітінің имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: