Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінің имамы Ержан Сапарбеков мешітке келген жамағатқа «Отбасындағы ихсан» турасында уағыз айтты.
Жанұяға жақсы қарау – ізгіліктің бастауы. Аптаның кем дегенде бір күнін отбасына арнаған абзал. Өйткені, баламен сұқбаттасу, онымен ойнау, жарыңмен сырласу, баланың болашағына қатысты жұмыстарды жоспарлау, т.б. амалдар шаңырақтың шырайын кіргізіп, берекесін арттырады.
Жұмысбастылық отбасылық жоспардан үстем болмауы тиіс. Өйткені, жанұя – бәрінен биік тұратын құндылық. Уағыз соңында мешіт имамы, бойдақтарға қайырлы жар нәсіп етсін деп дұға етті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі