#Жамбыл: Аудан әкімі ауызашар берді

#Жамбыл: Аудан әкімі ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің асханасында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудан ақсақалдары мен қирияларына, сонымен бірге, аудан тұрғындары мен мешіт жамағатына арнап ауызашар берді. Аудан әкімі барша мұсылман қауымын қасиетті аймен құттықтап, елдің бірлігі мен ауызбіршілігінен асқан бақыт жоқ екенін айтып, алдыңғы буын ағалардың жастар тәрбиесіне қосар үлесін өлшеусіз екенін тілге тиек етті.

Басқосуда аудан имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков құран бағыштады.
Өз кезегінде ауыл қариялары жайылған дастарханнан дәм татып, тағылымды әңгімелер қозғады. Ауызашарға 150-ге жуық  адам қатысты.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: