Қазіргі уақытта әр күн иманның болмаса амалдың әлсіз жеріне пышақ ұратын жаңа бүлікке жолығып отыратын болдық. Соңғы он төртінші жүз жылдықта Ислам үмметі тарауық намазын 20 ракағат етіп оқып жүр. Бірақ, жаңадан қоғамға енген «ағымдар» он төрт ғасыр бойы үммет Пайғамбар(оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сүннетінен алыстап, ешқандай шариғат дәлеліне негіздемей тарауық намазын 20 ракағат етіп оқып жүргендей, тарауық намазы тек 8 ракағат деп жариялап жүр.
«Абдулла ибн Амр арқылы жеткен хадисте: “Ораза мен Құран Қиямет күні құл үшін шапағатшы болады. Ораза тұрып: “Раббым! Тағам мен шаһуаттынан тыйдым, мені ол үшін шапағатшы ете гөр”,-дейді, Құран болса: “Түнгі ұйқысынан бөлдім, мені ол үшін шапағатшы ете гөр”,-дейді. Сөйтіп екеуі шапағаты қабыл болып, ол адамға мейірімге бөленеді”, - делінген. (Байхаки)
«Рамазан айының алғашқы түнінде аспан есіктері ашылады да, олардың ешқайсысы Рамазанның соңғы түніне дейін жабылмайды. Рамазан айының кез келген түнінде оқыған намазындағы әрбір жасалған сәжде үшін 1500 сауап жазылады. Және де Алла Тағала оған жәннатта әрбір есігі сарайға апаратын алтыннан жасалып, корундпен әшекейленген 60.000 есіктен тұратын лағылдан үй тұрғызып береді. Егер ол адам Рамазан айының бірінші күні ораза тұтса, оның өткен күнәлары кешіріліп, ол үшін әр күні 70.000 періште таңнан кешке дейін күнәларының кешірілуін сұрайды. Рамазан айында түнде болсын, күндіз болсын жасаған әрбір сәждесі үшін оған жәннаттан ағаш егіледі, оның көлеңкесінен атты адамның өзі 500 жыл дегенде шауып өтеді». (Байхаки. Тағриб)
«Шағбан айының соңғы күні Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)бізге былай деді: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күндізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау — басқа айлардағы жетпіс парыз болып есептеледі. Бұл ай – Алла үшін аштық пен шөлдің, құлшылық пен тағаттың машақаттарына сабыр мен төзімділіктің айы. Сабырдың қайтарымы – жұмақ. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мүміндердің ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан мүмінге аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылауына себеп болады. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауабына ие болады», -деді».
«20 ракағат таруық намазы мен 3 ракағат үтір намазы – ең сенімді риуаят».
«Тарауық намазы – бір ауыздан мұсылманның сүннеті. Ол 20 ракағаттан тұрады».
«Соңғы жүз жылдықта ғойр муқалладиндер, яғни ешқандай мазһаб ұстанбайтын адамдар көтерген айқай- шу бұрын- соңды болған емес. Омардың (оған Алла разы болсын) заманынан бері бұл адамдардың тобы пайда болғанға дейін әлемде тарауық намазын 8 ракағат етіп оқыған мешіттер болған емес...»