#Қордай: Шағбан айына арналған рухани кеш жасалды

#Қордай: Шағбан айына арналған рухани кеш жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Шарапаты мол - Шағбан айы" атты рухани кеш өтті. Кешке "Әжелер алқасының" мүшелері мен қадірлі қонақтар келіп қатысты.

Ұстаз жамағатқа шағбан айын қалай өткізу керек, қандай амалдар орындалуы құпталады деген мәселелер бойынша ақпарат беріп, әсерлі насихат айтты. Шағбан айын қорытындылап, келе жатқан Рамазан айына дайындық турасын да тілге тиек етті.

Шараға қатысқан "Солихалар" шәкірттер тобына оқуда озат болып, көзге түскендері үшін арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: