Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде сенбілік жасалды. Бабаларымыз көшпенді өмір сүрсе де, өмір сүру әдеттерінде тазалық басты орында тұрған. Ұлтымыздың ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Сабаз болсаң жердей бол, жер бәрін шыдап көтереді, таза болсаң судай бол, су бәрін жуып кетіреді»,- деп тазалықтың маңыздылығын жырына қосқан.
Тазалық асыл дініміз Исламдағы басты шарттардың бірі ретінде қарастырылған. Алла елшісі ﷺ: «Дін – бұл тазалық», - деп өз үмметіне айтып кеткен. Қасиетті Құран Кәрімдегі «Мүддәссир» сүресінің 1-5- аяттарында Алла Тағала пайғамбарымызға ﷺ:
«Әй, бүркенген жан! Тұр, халыққа ескерт. Раббыңды ұлықта. Киіміңді таза ұста» ,- деп ерекше әмір еткендігі айтылады.
Демек, тазалық ол дініміздегі ең басты шарттың бірі.
Сондықтан, сыртқы тазалығымыз бен айналаның тазалығына мән беру мұсылмандық борышымыз болып табылады.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

